USD
USD
USD

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Оңтүстік Кореяда «пара алды» деп айыпталған елдің бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хиге үкім шықты, ол тағы жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Ким Кон Хи
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Сеул орталық аудандық соты судьясының мәлімдеуінше, президент Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хи күйеуі президент болғанға дейін де, президент болған кезінде де пара алған, деп жазады Reuters. 

Пара ретінде алынған заттардың қатарында Van Cleef & Arpels алқасы, Tiffany түйреуіші және Graff сырғалары болған. Бұған қоса Ким Dior сөмкесін, құны 39 миллион вон (шамамен 12 млн теңге) тұратын Vacheron Constantin сағатын және бағасы 140 миллион вон (шамамен 44 млн теңге) болатын картинаны алған.

Судьяның сөзінше, оған пара бергендердің арасында құрылыс компаниясының иесі, пастор, жекеменшік университеттің бұрынғы басшысы және компанияның бас директоры болған.

Сот Кимге 64,8 миллион вон (шамамен 20 млн теңге) көлемінде айыппұл салып, табылған жағдайда, пара ретінде берілген барлық заттарды тәркілеу туралы шешім шығарды.

Ким Кон Хи бұл айыптарды жоққа шығарса, адвокаты сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.

Еске салсақ, жыл басында сот Кимді шіркеуден пара алу дерегі бойынша ғана кінәлі деп тауып, бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді.

Ал таяуда Сеул соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің өзін тағы 30 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Ол жауға көмектесу және билікті асыра пайдалану айыптары бойынша кінәлі деп танылды.

2026 жылдың қаңтарында Юн Сок Ёль «тұтқындауға кедергі келтірді» деген айыппен бес жылға, ақпанда «әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырды» деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ