26 Мамыр 18:28
...

Қазақ НЕГЕ жұмыссыз?

Фото:

Технологиялар заманында жаңа мамандықтар саны еселеп артып жатса да, жұмыссыздық азаяр емес. Әлемде 200 миллионнан астам адам осы тауқыметті тартып отыр. 

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік банк пен халықаралық еңбек ұйымы жыл сайын жұмыссыз азаматтардың статистикасын жариялап отырады. Жаһандық пандемияға дейін 200 миллионға жуық еңбекке жарамды азамат жұмыс таба алмаса, covid-19 келгелі оның саны 400 миллионға жетті. Жұмысы бар деген 630 миллион адамның күндік табысы 3,2 долларға (1368 теңге) әрең жетеді. Бұның өзі бір тақырып.

Әлемде өз халқын жұмыспен толық қамтып отырған ел Катар екен. Ел азаматтарының 0,09 пайыз ғана жұмыссыз. Қазақстан бұл тізімде 79-орында. Қазақстандықтардың 4,59 пайызы екі қолға бір күрек таба алмай әлек. Бұл енді ресми статистика. 

Жұмыссыз азаматтардың көп болуы жұмыс жоқ дегенді аңғартпайды. Мәселен, Қазақстанда жұмыссыздықтың алдын алу үшін ашылған www.enbek.kz сайтында дәл бүгін 123 494 белсенді бос жұмыс орны көрсетілген. Бір ғана Алматы қаласының өзінде 2889 ваканция бар. 

Сайтта түрлі мамандық бойынша керек жұмыстың бәрі бар. Бастысы ерінбей еңбек етін жан болса болғаны. «Жұмыс іздеп жүрген 1 миллион 426 мың адам НЕГЕ бар ваканция бойынша жұмыс істмейді?» деген қалыпты сұрақ туындауы әбден мүмкін. «Жалақы аз шығар» деген жаттанды жауапты жоқ деп есептелік. Ұлттық статистика комитеті Қазақстандағы жұмыссыз азаматтар жайлы тың деректі жариялады. 

Сайтымыз дайындаған жоғарыдағы инфографикада жұмыссыздықтың себептері тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр. Аталған тізімде шетке жұмысқа кетіп жатқан ел азаматтары көрсетілмеген. Кезінде Қазақстанда жұмыс істеуге өзбек, тәжік, қытай тағысын тағы келсе, бүгінде қазақстандықтардың дені Ресей, Жапония, АҚШ елдеріне жұмысқа ағылуда. Мамандар алдағы 50-10 жыл ішінде елден кететін еңбек мигранттарының саны еселеп артатынын айтып отыр. Елдегі жалақы мөлшері мен өндіріс орындары көбеймесе халық жұмыссыздықты осындай жолмен жеңуге жаппай кірісуі мүмкін. 

Тегтер: