Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Депутат Ринат Зайыт тоқал алуды заңдастыруға қарсы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов тоқал алуды заңдастыру қажет деген әріптесімен келіспейді.

тоқал алуды заңдастыру
Фото: el.kz

Астана, NEGE. Күні кеше депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды ұсынған болатын. Ал, бүгін Мәжілісте аталған мәселеге қатысты журналистер сауалына жауап берген Ринат Зайыт мұндай ұсынысқа қарсылығын білдірді. 

«Қоғамда бар нәрсенің бәрін заңдастыру – ақылға қонымсыз нәрсе. Мұны қолдамаймын», – деді депутат.

Ал, Абзал Құспан әлеуметтік желіде аталған қоғамдық мәселе бәрібір заңдық тұрғыдан реттелуі қажет екенін жазды. Оның айтуынша, Мәжілісте бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. 

«Біріншіден, бұл жағдайды желеу етіп, елді дүрліктіру, не қоғам назарын басқа мәселеден бұру – менің мақсатым емес. Бұл – журналистің тікелей қойған сұрағына берген жауабым ғана. Екіншіден, депутат ретінде бұл тақырыпты Мәжіліс мінберіне шығару жоспарымда да, ниетімде де жоқ! Қоғамдық проблема бар, әрі ол ерте ме, кеш пе, заңдық тұрғыда реттеуді талап етеді», – деді Абзал Құспан. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА