5 Қараша 17:50
...

«Үркер» – 2025 ұлттық сыйлығына үміткерлер белгілі болды

номинанттар
Фото: gov.kz

Баспа, радио және интернет журналистика саласындағы «Үркер» – 2025 ұлттық сыйлығы байқауының үміткерлері белгілі болды. 

Астана, NEGE. Биыл конкурс 11 номинация бойынша өтті. Премияға 400-ден астам журналист өтінім берген.

Үздік жұмыстарды белгілі журналистер мен медиаменеджерлерден құралған тәуелсіз комиссия мүшелері іріктеді. Қарау нәтижесінде шорт-листке 44 үміткер енді.

Байқау жеңімпаздарының есімдері 7 қарашада белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астанада, «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында өтеді. Финалистерге «Жеңімпаз» атағы беріліп, куәлік, «ҮРКЕР» ескерткіш мүсіншесі және бір миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

Қазақстанның баспа, радио және интернет журналистикасы саласындағы «ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы 2017 жылы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканың дамуына қосқан үлесін мойындау және қоғам назарын олардың еңбегіне аудару мақсатында тағайындалған.

Жобаның ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Шараның демеушілері – «Qazcontent» АҚ, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Sport+» телеарнасы.