28 Қараша 12:51

«Эксимбанктің» бұрынғы басшысы Еркін Әмірханов АҚШ-тан экстрадицияланады

Фото:

Алматы қалалық прокуратурасы экс-банкир, Қазақстан Эксимбанктің бұрынғы басқарма төрағасы Еркін Әмірхановты АҚШ-тан экстрадициялау процесін бастады, деп хабарлайды ГосАрхив телеграм каналы. 

Алматы, NEGE. «Қазақстанда ол бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп, талан-таражға салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек», - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әмірханов қазіргі әйелі Артамбаевамен («ЦАТЭК» АҚ бұрынғы президенті) «ЦАТЭК» АҚ тобының компанияларын, соның ішінде олар бақылайтын Қазақстан Эксимбанкін басқара отырып, аса ірі көлемде ұрлық жасаған.

Тегтер: