USD
USD
USD

Covid-19: 113 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 739 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімет берді. 

Covid-19: 113 бала ауруханада жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. 13 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1115 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 37, келіп түскені – 193

«Инфекциялық стационарларда 739 адам бар. (Төсек-орын 1348 ). Оның ішінде 113 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 39 адам жатыр.

Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 12 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 765 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2594 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей