30 Наурыз 18:35
...

Білім министрлігі биылғы ҰБТ қалай өтетінін түсіндірді

Фото:

Биыл мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді 2 рет тапсыра алады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Алматы, NEGE. «Наурыздың 10-ы мен сәуірдің 10-ы аралығында ҰБТ ақылы негізде өтеді. Оған үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Ал 15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ тегін болады. Бұл ретте үміткерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Олар білім гранттарын бөлуге қатысады. Сәуір-маусым аралығындағы ҰБТ-ға биыл мектеп бітіретін 120 мың түлектің қатысатындығы жоспарланған», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті. Биыл ҰБТ-ны мектеп бітірушілер, өткен жылы орта білім ұйымдарын бітіргендер, кәсіби-техникалық орта білім алғандар, Қазақстан азаматы емес тұлғалар, шетелдердегі білім ұйымын бітіргендер тапсырады.

«Өткен жылы біз оларға ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан оларда ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар және бұл олар үшін жаңалық емес», - деді Мирас Дәуленов.

Тегтер: