USD
USD
USD

Сүйіктісін соққыға жықты деп айыпталған актер Шәріп Серік мәлімдеме жасады

Қазақстандық актер Шәріп Серік жасаған әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Шакенти
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Ол Instagram парақшасында зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтып, әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, лифтіден Әлия Бутееваны қатты күшпен шығарып алған видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Өз ісімді ақтамаймын. Мен зұлымдық жасадым және заң аясында барлық жазамды алуға дайынмын. Ұрыс-керіс кезіндегі ашу-ыза бәрімізге таныс деп ойлаймын, бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар. Мен Әлияның бетінен ұрып жібердім. Осы үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығым әсер еткендердің барлығынан кешірім сұраймын», – деді актер.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana