USD
USD
USD

Қазақстан үстел теннисінен Чехияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

5–9 сәуір аралығында Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Havirov халықаралық турнирі өтеді.

Үстел теннисі
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Герасименко, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Абдулла Мамай, Әнел Бақыт, Санжар Жұбанов пен Сағантай Құрмамбаев ел намысын қорғайды.

Жүлдеге үміткерлер қатарында жұптық сайыста әлем және Еуропа чемпионы Маттиас Фальк (Швеция), Еуропаның екі дүркін чемпионы Маркуш Фрейташ (Португалия), Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері Манав Таккар (Үндістан), жастар арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропа вице-чемпионы Флавьен Котон (Франция), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сато Хитоми (Жапония), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Изабела Лупулеску (Сербия) және Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Наталья Байор (Польша) сынды атақты спортшылар бар.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай