USD
USD
USD

Олжас Бектенов авиаотын нарығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының авиаотын нарығын дамытуға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров авиаотынға баға белгілеу тетігін жетілдіру: атап айтқанда, авиаотынды көтерме және бөлшек сауда, оның ішінде әуежайлар арқылы өткізу тәсілдерін ұсынды.

Импортты алмастыруға назар аударылды. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобының өндірісі отандық әуе компаниялар мен мемлекеттік авиацияның авиаотынға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» деректеріне сүйенсек, 2031 жылға қарай «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің кеңейту нәтижесінде авиаотын өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға дейін артады.

Сонымен қатар әуежайларды қаржыландыру құрылымын өзгерту перспективалары талқыланды. Инфрақұрылымға қол жеткізудің сервистік моделін енгізу олардың авиаотыннан бақылауға алынбаған табыстарға тәуелділігін төмендетеді, сондай-ақ әуежай қызметтері саласының дамуына серпін береді. Осы бағытта әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуды ынталандыру үшін келісілген инвестициялық жобалары бар әуежайларға біржолғы кейінге қалдыруды ұсына отырып, Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде әзірленген Негізгі қуатқа қол жеткізу қағидаларын іске асыру мүмкіндігі қаралды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, көлік министрі Марат Қарабаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың және басқа да өкілдердің ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік