Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Job fair 2025: 120-дан астам компания болашақ қызметкерлерін NU түлектері арасынан іздейді

Еліміздің 120-дан астам жетекші компаниясы NU түлектеріне жұмыс орындарын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесі Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті.

NU
Фото: NU

Астана, NEGE. Биыл шараға экономиканың негізгі салаларындағы жұмыс берушілердің рекордтық саны жиналды. Бұл қазақстандық және халықаралық бизнес тарапынан университет студенттері мен түлектеріне сұраныс жоғары екенін растайды.

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 98%. 92%-дан астамы Қазақстанда жұмыс істейді. Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкесі 2025 – елдің жетекші компанияларына университеттің таланттарын тартуға мүмкіндік беретін бірегей стратегиялық алаң. Жұмыс берушілер ЖОО-дағы дайындық сапасы жоғары деңгейде екенін растайды.
NU студенттері инновациялық ойлау және кәсіби дағдыларымен ерекшеленеді, себебі компаниялар тек қана қызмткерлерді емес, сондай-ақ болашақ көшбасшыларды іздейді.

Жұмыс берушілер көрмесі студенттер мен түлектерге жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесуге, мансаптық перспективалар туралы ақпарат алуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін тікелей талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шараға экономиканың негізгі салалары мен еліміздің түрлі өңірлерінен жетекші компаниялардың 250-ден астам өкілі қатысты. Студенттер мен түлектер мансаптық мүмкіндіктер туралы HR-директорлар мен топ-менеджерлерден тікелей ақпарат алып, қысқаша сұхбаттан өте алды, компания өкілдері кері байланыс пен құнды кеңестер берді, осылайша, кәсіби байланыстар орнады.

Шараға автомобиль және инженерия, IT/телекоммуникация және өндірістік кәсіпорындарға дейінгі салалар өкілдері жоғары қызығушылық танытты.
Бұл жәрмеңке Student Government Ministry of Education & Ministry of External Affairs-бен бірлесіп ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді