Windows өздігінен вирус жұқтыра ма?
Microsoft операциялық жүйесінен қауіпті бағдарламаларды жүктейтін айла табылды. Бұл туралы BleepinComputer баспасы киберқауіпсіздік сарапшысы Мұхаммед Асқарға (Mohammad Askar) сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Маман Windows жүйесінің жаңартылған нұсқасынан компьютерде орнатылған Windows Defender(«Windows қорғаушысы») арқылы қашықтан қосымшалар орнататын мүмкіндікті тауып алды. Жаңа өзгерістен MpCmdRun.exe командалық жолағын ықпал етеді. Мұхаммед Асқардың айтуынша, ОЖ өздігінен қауіпті бағдарламалар қондыруға үйретіп тастаған. Маманның айтуынша, Windows Defender-дің жұқтырған вирусты анықтай алуы жақсы жаңалық саналады.
Алайда, антивирустық бағдарламаның бәрі бірдей оны анықтай бермейді. Бұдан бұрын мамандар Microsoft-тың «Windows қорғаушысы» қондырғысын деактивациялау мүмкіндігін өшіріп тастағанын айтқан болатын. Соған қарамастан бағдарлама вируспен күресетін басқа да қосымшалардың жұмысына кедергі келтірмейді.