28 Қаңтар 11:40

Назарбаев бекіткен соңғы теңге пайда болды

Фото:

200 теңге енді қағаз емес, монета болмақ. Бүгін Ұлттық Банк номиналдық құны 200 теңгелік биколорлы монетаны көрсетті. 

200 теңге Президенттің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы жарлығымен бекітілген дизайн бойынша жасалды. Стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттері көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді. Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген. Сырт жағында Елтаңба, айналдыра «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар.

Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс

Массасы: 7,5 грамм

Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 мм, ішкі дискі – 18,3 мм

Қалыңдығы – 1,90 мм

Қыры: 16 ойықтар

Монеталардың бет жағында номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар. Жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері белгіленген. Ал төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін «TEŃGE» деген жазу орналасқан. Ұлттық Банктің айтуынша, 200 теңгелік қағаз ақшалар заңды төлем құралы болып қалады және тозған бетте айналымнан шығарыла береді.

Тегтер: