USD
USD
USD

Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

 1 қазанға дейін жеке тұлғалар 2020 жылға мүлік салығын төлеуі қажет.

Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салық төлемдері бойынша есептелген соманы немесе берешекті қайда тексеру керек. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жер және жылжымайтын мүлік салығы бір мүлікке біріктірілген.

. Мүлік салығының сомасын қайдан білуге болады:

- Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтының «электронды сервистер» бөлімінде;

- E-salyq Azamat мобильді қосымшасынан – «алдағы төлемдер» сервисі (қосымшаны App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады);

- банктердің мобильді қосымшасынан (Kaspi.kz, Homebank).

Сондай-ақ, спикер 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталатынын еске салды. «Халыққа ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік кірістер органдарында 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Орталыққа мүлік салығы бойынша да жүгінуге болады. Салықтарды Екінші деңгейдегі банктер немесе төлем терминалдары арқылы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелерінде төлеуге болады. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов