«Эйр Астана» ұшағы Ақтөбеге жете алмады

12 қазан, 12:09
«Эйр Астана» ұшағы Ақтөбеге жете алмады
Фото: google.com

Ақтөбеге ұшып шыққан ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды.

Алматы, NEGE. «Эйр Астана» әуе компаниясының мәліметінше «Алматы-Ақтөбе» бағытына қатынайтын K 863 ұшағы бүгін Алматыдан 05: 30-да ұшып шықты. Бірақ, ұшақ Алматыға қайта оралған. Оның себебін Ақтөбе әуежайында техникалық қызмет көрсетілмейтіндігімен түсіндірді.

«Техникалық себептерге және бара жатқан әуежайда техникалық қызметтің көрсетілмейтіндігіне байланысты командир кері оралу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Қону, әдеттегідей, қалыпты жағдайда өтті.

«Ұшақ өз рейсін сағат 15:40-та орындайды. Жолаушыларға тамақ пен сусын беріледі» - деп толықтырды компания.