USD
USD
USD

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Рамзан Қадыровтың ұлының үйлену тойына не себепті барғанын түсіндірді

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев журналистерге Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыровтың үйлену тойына барғанын растады, деп хабарлайды Orda.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлының үйлену тойы өткен демалыс күндері өтті.

30 маусымда Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында ұлы Адамның үйлену тойына келген мәртебелі қонақтарға алғыс білдірген жазба жариялады. Ол бірнеше елдің елшілерін атады.

«Достар, осы күндері Грозныйда мен ерекше құрметтейтін көптеген қадірлі меймандарды, сонымен қатар Иран, БАӘ, Түркия, Қазақстан елшілерін көргеніме қуаныштымын. Олар бәрі біздің отбасымызды Адамның – Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті, Ресей Батыры Ахмат-Хаджи Қадыровтың немересінің үйлену тойымен құттықтауға келді», – деп жазды Қадыров.

Журналистер Қазақстанның Ресейдегі елшісі Даурен Абаевпен байланысып, оның шынымен тойға барған-бармағанын және егер барса, ол жеке тұлға ретінде ме, әлде Қазақстанның өкілі ретінде барғанын сұрады.

«Мен тек Мәскеудегі елші емеспін, мен жалпы Ресей Федерациясындағы елшімін. Мен өңірлерге үнемі барамын. Шешен және қазақ халықтарын өте тығыз достық қарым-қатынас байланыстырады.Шешендердің Қазақстанға депортацияланғанын ұмытқан жоқпыз. Ал шешендер қазақтардың оларды қиын кезде тастамағанын ұмытпады. Мен бұл тойға ең алдымен осы достықтың белгісі ретінде бардым», – деді Абаев.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

бокаев

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Полиция

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев