5 Қараша 20:30

Біз кім, ДСҰ кім? ТШО, КПО, NCOC және Total Dunga мұнай-газ алпауыттары НЕГЕ ДСҰ талаптарын сақтамайтын болады?

Фото:

Энергетика министрлігінің ресми ұстанымы осындай. Енді елде 2021 жылдан бастап біраз нәрсе өзгереді. Себебі, Дүниежүзілік сауда ұйымының бізге берген өтпелі кезең мерзімі аяқталмақ.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп, осы ұйымның қатаң талаптарына дайын болу үшін елімізге 5 жыл уақыт берілген болатын. Ол «өтпелі кезең» деп аталды. Осы өтпелі кезең биылғы жылмен бітеді.

Алда бізді ДСҰ-дың қатаң шарттары күтіп тұр деп жазады, KazService. Ұйым талаптарына сәйкес, енді бізде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда олтандық тауар алуға міндеттейтін шарттар, отандық компанияларға жасалатын 20% жеңілдіктер болмауы тиіс.

Алайда, осы талаптар «Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының тұрақтандырылған келісім-шарттарына жүрмейтін болып шықты. Онымен бірге North Caspian Operating Company (Солтүстік Каспий жобасы), Maersk Oil Kazakhstan GmbH. сатып алу процедуралары мемлекетпен реттелмеген.

ДСҰ шарттарының тереңдеп ене алмауы отандық компаниялар үшін жақсы жаңалық екені анық. Біраз ұйым бұл ретте өз қарсылығын да білдіруі мүмкін. Оның бәрі жаңа жылдан кейін айқындалады.

Тегтер: