19 Қазан 14:11

«Қазақтелеком»: Қажет дәрігер – қалтаңызда

Фото:

12 қазан күні порталымызда «Қазақтелеком»: Шалғайдағы елді мекендер телемедицинаға қосылды» деп аталатын мақала жарияланған. Тақырыбы айтып тұрғандай, шалғайдағы елді мекен тұрғындары дәрігерге сабылмай-ақ, «Қазақтелекомның» арқасында үйден медициналық кеңес алып, шетін шаруасын шешіп отыр.

Біз бүгін «Қазақтелекомның» ел игілігін көріп отырған IMEDICUS платформасы туралы айтамыз.

Медициналық көмекті қашықтан алу деген ұғым халық санасына енгеніне көп болған жоқ. Жұрт жабылып медициналық мекеменің табалдырығын тоздыратын уақыт өтіп барады. Қазір қашықтан-ақ кезекші дәрігер қажетті маманмен байланыстыру арқылы мәселеңізді шешіп береді.

Павлодар облысының Железинка ауылында тұратын зейнеткер Алма Рамазанқызы платформаның пайдасын қалай көргенін тарқатып баяндап берді.

– Жасым 65-те. Балаларым астанада тұрады, ал мен олардан 700 шақырым қашықтамын. Олар менің денсаулығыма алаңдайды. Жер шалғай, барыс-келіс қиын. Жуырда олар маған IMEDICUS қосымшасын тауып берді. Бұл қосымша туралы бұрын да естігенмін, өйткені көп оқимын, жарнамадан да көрдім. Балаларым: «Мама, сізге осы қосымшаны жүктеп берейік», – деді. Өйткені ауыл шалғайда орналасқан, мұндағы дәрігерлердің біліктілігі көңілден шықпайды. Бұдан бөлек, қосымша кеңес алғың келеді, диагнозды дұрыс қойса дейсің. Міне, мен осылайша IMEDICUS туралы білдім, – дейді А.Рамазанқызы.

Зейнеткердің айтуынша, балалары оған қатаң карантин кезінде IMEDICUS қосымшасын жүктеп беріп, зейнеткер әр саланың бірнеше дәрігерінен кеңес алған. Немерелеріне де платформаның пайдасы тигенін сөз етті.

– Дәрігерлерден ең бірінші кеңесті туған бауырым сырқаттанып қалғанда алдым. Нейрохирургтан кеңес алу үшін біз оны Павлодарға апардық, өйткені МРТ сараптамасы оның миында ісік бар екенін анықтады. Бізге тәжірибелі дәрігердің кеңесі ауадай қажет еді. Павлодарлық дәрігерлерден алған кеңесімізден бөлек, біз IMEDICUS арқылы қажетті маманның көмегіне жүгініп, мәскеулік нейрохирургтен де кеңес алдық. Павлодарлық мамандар мен мәскеулік дәрігердің сөздері бір жерден шыққанына қарап, дұрыс ем мен дұрыс кеңес алып жатқанымызға көз жеткіздік, – деді зейнеткер.

Ойлап қараңызшы, бір кездері шетелдік дәрігерден үйде отырып-ақ онлайн кеңес алу деген қиял-ғажайып ертегі сияқты көрінетін. Ақша мен уақытты шығындап, жұрт өз аяғымен барып қайтатын. Павлодарлық зейнеткер IMEDICUS қосымшасын қалай пайдаланды? Аса тапшы уақыт пен қаржысын қалай үнемдеді? Ол МРТ нәтижесін мәскеулік нейрохирургке жолдаған. Олар нақты сараптама нәтижесін мұқият қарап, сол арқылы қажет кеңесін берген.

– «Бұл бізге үміт сыйлады. Бауырымның дерті аса қатерлі болып, жағдай біз күткендей шешілмесе де, осындай заманауи тәсілдер алдағы күндерге үмітпен қарауға мүмкіндік береді», – деді Алма Рамазанқызы.

Әдетте балаларды дәрігерге апару жүйкеге біраз салмақ түсіреді. Жоғарыда сөз еткеніміздей, А.Рамазанқызы бізге IMEDICUS платформасын немерелерінің игілігіне қалай пайдаланғанын былай баяндап берді: «Немерелерімді педиаторға жиі апарамыз. Енді үйден шықпай-ақ кеңес алуға қол жеткізгенімізге қатты қуандық. Тек ұстап көре алмайды демесеңіз, дәрігер бәрін онлайн қадағалап отырады».

Вирустың беті қайтқанымен, әлі де қауіп сейілмеген қазіргідей елең-алаң шақта жасы ұлғайған кісілер үйден көп шықпағаны жөн. Мұндай кезде не істеу керек? Әрине тағы да IMEDICUS-тің көмегіне жүгінген жөн.

Алма Рамазанқызы онлайн платформаның игілігін көріп, қажетіне жаратқан соң өзі қатарлас таныстарына да осы қосымшаны жүктеп алуды үндеп жүргенін айтады.

– Қазір бәрінің қолында смартфон бар. Осы қосымша бәрінде болуы керек деп есептеймін. Өйткені мен мұның пайдасын көріп жүрмін.

Ойлап қараңыз, мен өзіме қажетті маманға эндокринологқа қаралу үшін 200 шақырым жердегі Павлодарға баруыма тура келетін. Біріншіден, бұл маған шығын, екіншіден, Павлодардың өзінде эндокринолог көп емес, барының қабылдауына кіру қиын. Ал мына қосымша арқылы өзіңе керек дәрігерден кеңес алу үшін жазылып қоясың да, уақытың келгенде қажет кеңесіңді аласың. Ыңғайлы әрі тарифы да қалта көтерімді.

Мен сияқты жасы келген кез келген адам үшін қосымшаның пайдасы зор. Дәрігер сенің смартфоныңның ішінде. Сол себепті қосымшаға жиі жүгінемін. Аяғымды талдырып поликлиника араламаймын. Менің ескі дертім өзіме белгілі. Қажет кезінде балаларым кеңес алуға жазып қояды. Енді мен сияқты жасы келгендерді компьютермен жұмыс істеуге үйретуді ұйымдастырса жақсы болар еді. Сонда балаларды әурелемей-ақ IMEDICUS өзіміз айналдыра беретін едік, – деп сөзін қорытты А.Рамазанқызы.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Аркадий Шевцов бұл туралы былай деді: «Біз бірегей экожүйенің іргесін қалап жатырмыз. Бұл жүйені қолданушылар тек кезекші дәрігерден кеңес алып қана қоймай, емделуге бет түзейді. Яғни дертіне диагноз қойғызудан бастап, қажетті дәрілерді алу қызметіне үйден шықпай-ақ қол жеткізеді. Бұдан бөлек, жуық арада біз ақпараттық ресурсты іске қосамыз. Мұнда қолданушы өзінің денсаулығын сақтауға қатысты кеңестер, қажетті ақпараттар, ағзаны сауықтыруға арналған бағдарламалармен таныса алады».

«Қазақтелеком» ресейлік және қазақстандық серіктестермен бірлесіп, 2020 жылдың жазында іске қосқан IMEDICUS телемедицина жобасы қазақстандық нарықта 50 мыңға жуық тіркелушілерді тартты. Қазіргі таңда жоба авторлары осы платформада қызмет көрсететін дәрігерлердің қатарын көбейтуге ниетті. Бұл Қазақстандық тұтынушылар үшін қалтасындағы смартфондарынан еш кезекке тұрмай тәуліктің кез-келген уақытында дәрігерлерге хабарласып, кеңес алуына мүмкіндік береді.

Тегтер: