USD
USD
USD

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы кінәсін мойындады ма?

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді, - деп хабарлады tengrinews.

апаты
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Сотталушы жүргізуші арандатқанын, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болғанын айтты.

"Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды. Соттан кәмелетке толмаған үш балам бар екенін және бұл менің бірінші рет құқық бұзуым екенін ескеруін сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша мені ақтауыңызды сұраймын. Барлық зардап шеккендерден шын жүректен кешірім сұраймын", – деді Ахметжанов.

Қазір оқып жатыр

Шикізат жеткізумен ғана шектелмейді: Тоқаев Германияға жаңа серіктестік ұсынды

Халық Кеңесі

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза