USD
USD
USD

Қызылордада қоғамдық ұйымдар «Жасыл аймақ» акциясында белсенділік танытты

Бүгінде елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Жалпы бес апта көлемінде өткізілетін экологиялық апталықтың өзіндік мәні мен мазмұнын айшықтайтын арнайы тақырыптар бекітілген. Тиісінше, экологиялық акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» атауына бағытталды.

ГИЗ
Фото: Nege

Алматы, NEGE. Осыған орай, бүгін аймағымыздың білім саласының қызметкерлері қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябақта ағаштардың діңгегін әктеп, сол аумақта жиналған қоқыстарды тазалады. Одан бөлек, білім саласының қызметкерлері экологиялық акцияда түрлі іс-шараларды өткізіп, ерекше белсенділік танытты. Атап айтқанда, саябақ аумағында «Караоке баттл», «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, түрлі бейнедегі аниматорлар тұрғындарға өнер көрсетті.

Жасыл қала
Nege

Бұл экоакцияға «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері, білім саласының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, білім саласының қызметкерлерімен бірге тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызуға жұмыстарына өз үлестерін қосты.

акция
Nege

Айта кетейік, «Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында қала және барлық аудандарда ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек