29 Сәуір 11:17

Байден Конгрестен Украинаға көмектесу үшін тағы 33 миллиард доллар сұрады

Фото:
АҚШ

Президенті Джо Байден Украинаға көмек көрсету үшін Конгрестен қосымша 33 миллиард доллар бөлуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. АҚШ Украинаның әскери және қауіпсіздік саласына, сондай-ақ НАТО-дағы АҚШ одақтастарымен ынтымақтастық аясында Еуропаның қауіпсіздігін нығайтуға 20,4 миллиард көлемінде қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Бұл қаржы Украинаға артиллерияның, бронетранспортерлердің, танкке қарсы және әуе шабуылына қарсы құралдардың қосымша қондырғыларын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге, киберсала мен барлау операцияларындағы елдің мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталады.

Бұған дейін АҚШ-тың Өкілдер палатасы Ресейге қарсы салынған санкциялар аясында бұғатталған активтерді Украинаға жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. Заң бойынша, активтер Украинаны қалпына келтіруге және гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалады.

Тегтер: