USD
USD
USD

Риддер тұрғыны темекі тұқылын тастағаны үшін салынған айыппұлмен келіспей, полицейлерді сотқа берді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны темекі тұқылын тастағаны үшін салынған айыппұлмен келіспей, полицейлермен соттасып, жеңіліп қалды. 

Т
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ер адам Третий шағынауданындағы дүкен маңында жерге темекі тұқылын тастаған. Сол үшін оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қоғамдық орындарды қайта ластау) хаттама толтырылған.

Алайда азамат полицейлермен келіспей, сотқа шағым түсірді.

- Сот отырысында ол темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастағанын айтты. Алайда сотқа ұсынылған бейнематериалдар, оқиға орнындағы фотосуреттер және куәгердің сөзі ер адамның кінәсін дәлелдеді, - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Риддер қаласының тұрғыны бұған дейін де осы бап бойынша жауапқа тартылған. Сот оның шағымын қанағаттандырған жоқ. Енді ол 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қазір оқып жатыр

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат