USD
USD
USD

Бангкокте үкіметке қарсы наразылық өтіп жатыр

Таиланд астанасында сенбі күні премьер-министр Пхетхонгтхан Чинаваттың отставкасын талап еткен үкіметке қарсы митинг өтті, деп хабарлады Коммерсантъ.

наразылық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Наразылық Монумент алаңында өтті. Оны «Тәуелсіздікті қорғау үшін патриоттық күштер бірлестігі» қоғамдық қозғалысы ұйымдастырды. Олар премьер-министрді елдің тәуелсіздігін бұзды деп айыптады. Жергілікті билік митингке шамамен 1019 адам қатысқанын хабарлады. Полиция оқиға орнында бақылау жүргізіп, бес тексеру бекеті орнатылды, қатысушыларға қару алып кіруге тыйым салынды.

Наразылық осыдан бұрын жарияланған премьер-министр мен Камбоджа парламент төрағасы Хун Сен арасында 15 маусымда болған телефон әңгімесінің үзіндісі тарағаннан кейін басталды. Әңгімеде Чинават Таиланд шекара маңындағы Камбоджаға берілетін электр энергиясы мен интернеттің өшірілмейтінін айтқан.

Екі ел арасындағы қатынастар мамыр соңында шиеленісті. Таиланд пен Камбоджа әскерилері шекарадағы даулы аймақта атысқа ұласқан қақтығыста бір камбоджалық шекара қызметкері қаза болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы жеңілістен көз ашпаса да, ван ’т Схип өзін нашар бапкер санамайды

Джон ван'т Схип

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев