Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 35 жоба жүзеге асып жатыр
Алмалы ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 35 жоба жүзеге асып жатыр
Алматы, NEGE. Ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру жалғасып отыр. Жоба қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, жол инфрақұрылымын жақсартуға және сыртқы жарықтандыру желілерін салуға бағытталған.
«Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылдадым. Алмалы ауданына бұрын бөлінген 770,9 млн.теңгеге қосымша 875 млн теңге бөлінді. Осылайша, ауданда 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 35 жобаны іске асыру көзделген», - деді қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде.
Алмалы ауданында 69 аула жөнделеді
Ауданда 69 аула аумағын жөндеу және аз қабатты тұрғын үйлердің 47 қасбетін ағымдағы жөндеу жоспарланған.
«Бүгінгі таңда 4 үйдің фасады жөнделді, ал қалғандары шілде айының соңына дейін аяқталады.
20-шы маусымға дейін Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жайластыру аяқталады. Әлия және Мәншүк скверін абаттандыру мен реконструкциялауды бастап, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді қала басшысы.
Осы жылдың сәуір айынан бастап аудан әкімдігі жасыл аймақтың бәрін автоматты суару жүйесімен жабдықтап, Дүйсенов атындағы жаяу жүргіншілер көшесі мен 7 скверді модернизациялау және көгалдандыру жұмыстарын бастады.