USD
USD
USD

Алматы облысында Lexus жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 автокөлігінің жүргізушісі велосипед тепкен 6 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілді.

Көлік
Фото: Полиция

АЛМАТЫ, NEGE. Оқиға 4 шілде күні Еркіндік көшесіндегі дүкендердің бірінің маңында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші көлікті кері бағытта жүргізіп келе жатып, баланы байқамай қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол жәбірленушіге көмек көрсетпестен, оқиға орнын тастап кеткен.

Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктіні анықтау мақсатында полиция алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы түгелдей іздестіру шараларына жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы