16 Сәуір 16:02

Алматы – креативті индустрия орталығы

креатив
Фото: gov.kz

Алматы қаласы креативті секторында 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – барлық кәсіпорындардың 10 пайызына шамалас. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 31,4 мыңға дейін арттыру жоспарланғаны мәлім. Демек, осы салады шамамен 44,9 мың адам жұмыс істеуі тиіс.

Креативті индустрия – әлемдік экономикадағы басым саланың бірі. Оның әлеуеті өте зор. Сондықтан, Алматы қаласының аясында осы саланы тиімді әрі сапалы дамытудың оң шешімі табылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастапқы капиталы 10 млрд теңгеге болатын креативті индустрияның қалалық венчурлық қорын құру жөніндегі бастаманы қолдаған болатын. Оның 5 млрд-ы жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған 5 млрд жеке инвестициялар есебінен тартылмақ.

Айталық, креативті индустрия саласындағы бизнес субъектілері бюджетке қомақты салып төлеп жатыр. 2021 жылы бұл көрсеткіш, 5,4 млрд теңге болған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5% өсім көрсеткен еді. Демек, Алматыда креативті экономиканы дамыту үшін қажетті ресурстар бар. Және қаржылық қолдаудан да кенде емес, Almaty Finance және «Алматы МҚО» желісі бойынша креативті кәсіпкерлерді қолдауға 630 млн теңгеге дейін қаржы бөлу жоспарланған-ды.

Алматы – «музыка» шығармашылық бағыты бойынша ЮНЕСКО-ның креативті қалалар желісіне кіретін Орталық Азиядағы жалғыз қала. Қалада креативті индустрия саласындағы алғашқы табысты инфрақұрылымдық жоба – Alatau креативті хабы жұмыс істейді. Мұнда коворкинг-кеңістік, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, шеберлік сыныптарына арналған алаң, медиатека, ArtBi білім беру-көрме орталығы бар. Осындай орталықтар қаланың барлық аудандарында құрылып жатыр. Қаланың әр ауданында креативті хабтар желісі құрылмақ.

Алматының бизнес-инкубаторлары жайлы да ауыз толтырып айтуға болады. Бұған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негіз болуы ықтимал. Өйткені, креативті идеяларды тудыратын орта – жоғары оқу орындары. Сондай-ақ, индустрияны дамыту үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау да керек. Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, және Шымкент қалаларында бизнес-инкубаторлар, орталықтар мен хабтар құру қарастырылып отыр.

«Креативтілік дегеніміз – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық. Ол еліміздің өркендеуіне, дамуына, белгілі деңгейдегі нәтижеге жетуге бағытталған. Адами капиталды дамыту – креативтік қоғам құруды және білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер. Міндет халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру», – дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы Джанату Алкебаева.

Оның пікірінше, Қазақсандағы креативті индустрия Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында креативті индустрия – медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпарттық технологиялар саласын қамтитын және жұмыспен қамтуға ықпал ететін экономика секторы ретінде айқындалған.

«Бүгінде әлем елдері зияткерлік, инновация және шығармашылыққа негізделген экономиканың дамытуға назар аударып, оған басымдық бере бастады. Креативті индустрия – барша мемлекеттерде экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі», – дейді маман.

Әлемде алғаш рет 2000 жылдары креативті индустрия жайлы айтыла бастапты. Қазіргі жаhандану дәуірінде көптеген адамдар креативті индустрияны жаңа экономикалық дамуға бастайтынын қадам ретінде көреді. Креативті экономикада өркендеген елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, бастапқы кезеңде идеяны шындыққа айландыру жолында мемлекеттің қолдауы өте маңызды.

Бүгінде әлем елдері зияткерлік, инновация және шғармашылыққа негізделген экономиканы дамытуға назар аударып, оған басымдық бере бастады. Ал 2004 жылы БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференцияны өнер, мәдениет, бизнес және технологияларды тоғыстырған экономика секторын – «креативті индустрия» деп атады.

«Дамыған елдер ондаған жылдар бойы креативті индустрияны қалыптастыруға баса назар аударып келеді. Бүгінгі таңда бұл сала жылына шамамен 2,3 трлн доллар табуда. Креативті индустрияның жаhандық экспорты 250 млрд долларға тең. Жаhандық инновациялық индекске сәйкес, биыл креативті экономика бойынша 132 елдің ішінде Швейцария, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания және Сингапур көш бастады», – дейді Джанату Алкебаева.

Қазіргі зерттеушілер креативті индустрияны мынандай үш модельге бөліп қарастырады екен: америкалық, скандинавиялық және шығыс-азиялық. Бізде креативті индустрия мәслелері «Мәдениет туралы» ҚР Заңымен, 2021-2025жылдарға арналған креативті индустияны дамыту тұжырымдамасымен реттеледі. Креативті индустрияларды дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын» іске асыру үшін әзірленді.

Қазақ­стан экономикасына креа­тив­ті индус­трия­­­ не береді? Үлесі ұл­­­ғайса, 2025 жылы креативті индустрия­ларда жұ­мыс­пен қамтылғандардың саны 4%-ға дейін артпақ. Креа­­тивті индус­­триядағы шағын және орта бизнестің үлесі 2025 жылға қарай 1,5 есеге ұлғаюы тиіс. Қазіргі көрсеткіш те жаман емес. 2023 жылы – 66 мың, 2024 жылы – 73 мың үлесі бар.

Бұдан бөлек, креативті технология­лар­­ды дамыту есе­бінен 30 мыңнан астам жаңа жұ­мыс орындарын құру жос­пар­­­­ланып отыр. Ал креативті индустрия­лар өнім­дерінің экспорты 200 млн дол­ларға дейін өспек.