USD
USD
USD

Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды

Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алаяқ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға арызданды. Ол туристік агенттік иесінің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын мәлімдеді. Әйел көптен күткен демалысын ұйымдастыру үшін турагентке 900 мың теңге берген, алайда уәде етілген сапар жүзеге аспай қалған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл агенттікке қатысты осындай тағы бірнеше шағым тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта полицияға осы туристік агенттіктің қызметіне шағымданған тағы 34 азаматтың өтініші түскен. Күдікті өз әрекетін валюта бағамының күрт өсуімен және соның салдарынан туындаған қаржылық қиындықтармен түсіндірген.

Тергеу мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 52 миллион теңгені құрайды. Тергеудің объективті әрі жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында күдікті уақытша қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов