USD
USD
USD

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады.

жемқорлық
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады.

Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.

Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.

Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

айыппұл салынған компания

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті