USD
USD
USD

Депутат Ермұрат Бапидың үндеуінен кейін Нұрбол Назарбаевқа қатысты іс бойынша тергеу қайта басталды

1 қазанда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қарағанды кәсіпкері Қуат Ерментаевтан арыз түскенін хабарлады. Ол Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев меншігін рейдерлік жолмен тартып алғанын мәлімдеген.

Ермұрат Бапи
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Рейдерлік басып алудан кейін ол барынан айырылды. 2022 жылы оның өтініші бойынша Алматы қаласының прокуратурасы мен Экономикалық тергеу департаменті «PORUS» ЖШС-дегі үлесін рейдерлік жолмен тартып алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда екі жылдан соң іс «қылмыс құрамының болмауына» байланысты тоқтатылған. Бәрі түсінікті, прокуратура Назарбаевтардың айтқанын істеген», — деді депутат.

Ал 9 қазанда тергеу қайта басталғанын Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.

«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қуат Ерментаевқа тиесілі «PORUS» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 16% үлесті заңсыз қайта тіркеу фактісі бойынша (ҚР ҚК 249-бабының 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу қорытындысы бойынша 2024 жылғы 22 ақпанда қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Алайда материалдар мен Ерментаев ұсынған жаңа дәлелдерді зерделегеннен кейін 2025 жылғы 9 қазанда істі тоқтату туралы қаулының күші жойылды», — деді Асылов.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аталған деректерді жан-жақты және объективті тексеру үшін қосымша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Іс барысы прокуратура органдарының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік