АБТМ MMA командасының жауынгерлері референдумда дауыс беріп, «Mangystau Style» челленджін қолдады

Бүгін, 15 наурыз күні «АБТМ» ЖШС ұжымы қазақтың ұлттық киімін киіп, республикалық референдумда өз таңдауларын жасады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау, NEGE. Маңызды саяси науқанға бір кісідей атсалысқан ұжым мүшелері ел болашағы үшін дауыс беру – әрбір азаматтың қастерлі борышы екенін атап өтті.

Салтанатты шараға «АБТМ» ЖШС бас директоры Низами Севзиханов та қатысып, өз таңдауын жасады.

«Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің жарқын болашағы жолындағы референдумға қатысуды әрбір отандасымыздың міндеті деп білемін», - деді Низами Севзиханов.

Маңғыстау өңіріндегі сайлау учаскелерінде биылғы референдум Амал мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, ерекше мерекелік көңіл-күй орнаған. Дауыс беруге келген тұрғындардың басым бөлігі ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, ақжарма тілектерін айтуда.

Фото: Маңғыстау облысы

Сайлау учаскелерінде қазақы әуендер шырқалып, өңірдің өзіндік рухы айшықтала түсті. Жұртшылық бір-бірімен көрісіп, жаңа жылмен құттықтап, мерекелік атмосферада азаматтық белсенділік танытуда.

Ұжым мүшелері ел ертеңіне бейжай қарамай, осындай маңызды сәтте бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады