14 Мамыр 17:57

Байбек Мамайдан не талап етіп отыр?

Фото:

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тіркелмеген Демпартияның жетекшісі Жанболат Мамайды және оның жұбайы Инга Иманбайды сотқа берген. Алғашқы сот тыңдауы бүгін өтеді. 

Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашы топ жетекшісі, билікке қарсы пікір айтып жүрген саяси белсенді Жанболат Мамай сәуірде Youtube-тегі «Демократиялы Қазақстан/Демократический Казахстан» арнасында «Бауыржан Байбек: Назарбаев сыныптасы баласының жемқор бизнес-империясы» атты видео жариялаған.

Деректі фильм стилінде түсірілген видеода Жанболат Мамай Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті «мемлекеттік қызметте жүріп үлкен бизнес-империя құрды, Алматы әкімі болған 4 жылда 1 миллиард доллар заңсыз ақша тапты, құрылысқа және көлік тұрағына қала аумағының және Іле-Алатау ұлттық паркінің жерін берді, пара алды, көмір мафиясын құрды және Алматыдағы ЖЭС-2-ні газға көшіруді кешеуілдетті, адам құқықтарын бұзды» деп айыптайды.

Байбектің заңгері жауапкерлер бұл сөздерді «нақты фактілер мен құжаттар негізінде дәлелдеуді» талап етіп, сотқа жүгінген.

Бауыржан Байбек Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева таратқан мәліметтердің жалғандығын дәлелдеу және өзінің беделін қалпына келтіру мақсатын ғана басшылыққа ала отырып, келтірілген моральдық залалға материалдық өтемақы өндіріп алудан да бас тартқан.

Тілшімізге түсініктеме берген Инга Иманбай: «Бауыржан Байбектің талап-арызы бойынша барлығын жоққа шығармайды, тек ішінара кейбір мәліметтерді айтады. Ол мәліметтердің барлығында бізде құжат бойынша дәлел бар, оны сотта көрсете аламыз. Сол талап-арыздағы талаптарына қарай ішінара мойындап, кейбір мәлімпттерді жоққа шығармын деп қулыққа барып отырғаны байқалады. Бірақ онысы болмайды. Сотта барлық дәлелдерді келтіреміз», – деді. 

Тегтер: