16 Мамыр 11:44

Сенбіде 4 251 қазақстандық шетелден ұшып келді

Фото:

15 мамырда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 15 мамырында Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Тәжікстан, Германия, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 4 251 авиажолаушы келді. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 2 837 жолаушы; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 779 жолаушы; - Шымкент қаласының әуежайына – 3 рейс, 444 жолаушы; - Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 191 жолаушы. Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР анықтамамен келген.

Тегтер: