14 Сәуір 18:42
...

Жедел жәрдем бригадасы қызметкерлері Біртановқа неге өкпелі?

Фото:

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл еліміз бойынша 30 мыңнан астам дәрігер үстемақы алатынын хабарлаған. Тіпті, қосымша көмекті бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті әкімдіктерге тиісті комиссия құру тапсырылды.

Яғни, медициналық қызметкерлерге біліктілігіне, санатына сай қаржылық қолдау көрсетіледі делінген. Қазірдің өзінде Алматы қаласында COVID-19-бен күресіп жатқан 3557 медицина қызметкері 965 миллион теңге көлемінде үстемақы алған. Оның ішінде 500-ден астам дәрігер, 1700 ден астам орта, 549 кіші медицина және 764 өзге де медициналық қызметкерлер бар.

Алайда, оған жедел жәрдем бригадасының диспетчерлері мен санитарлары кірмей қалған. Олар 9 сәуір күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына хат та жазыпты. 

«Диспетчерлер мен санитарларға үстемақы төленбейді деген шешіммен келіспейміз. Себебі, біз де COVID-19 вирусына қарсы күреске күшімізді жұмсап жатырмыз. Кәдімгі бригада қызметкерлері сияқты біз де 24 сағат бойы күшейтілген режимде жұмыстамыз. 2 аптадан бері отбасымызды көрген жоқпыз. Көбі пәтер жалдап, жұмысқа қоғамдық көлікпен келеді. Диспетчер күніне 400 қоңырауға жауап берсе, санитарлар бригаданың киімі мен машинасын жуады. Ал киіндіру кабинетіндегі мамандар бригаданың жедел киініп-шешінуін қамтамасыз етіп, тезірек жөнелтуге тырысады. Біздің еңбек неге бағаланбайды? Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестеріміз бұл көмекті алыпты. Біз де президент айтқан қауіпті 2-3 санатқа жатамыз. Бізді неге алалайды?» деп қолдары қойылған хат Nege.kz редакциясына да келді.

Бұл хатқа Алматы қаласы жедел жәрдем бригадасы қызметкерлерінің толық құрамы қол қойған. Төменде сол хатқа қол қойғандардың тізімі мен скриншоты берілді. 

Камзина Б.Ф
Кульбаева Э.З           
Бижигитова Г
Досымбек Д
Аубакирова 
Султанбекова Н
Курманжан Н
Абдулжалилова Л К         
Сырбаева Н А                     
Чолданбаева М                 
Хлалова Р.М                       
Джарменкеева Р.М 
Нуржан С.С                       
Жазиева С                         
Жагыпбердиева А.С      
Нусипжанова Ж
Жакиева Н
Алкожаева А
Беккожанова А
Аманбаева А
Ермекова Ж
Нуркадирова Р
Квасневская Е                   
Малтенбаева А               
Абен Т                          
Смет А                                 
Утарова А                   
Жаркимбаева А                 
Ахметжанова Ж                 
Кусаинова А
Сумелиди Т
Аймурзаева Г
Лейбекова Г 
Шаргынова З
Кыпшакраева К
Канцерова О
Мусаева Э
Анденеева А

Фельдшера по приему и передачи вызовов:   

Алкожаева А.К               
Левцова В.С                       
Бердибаева Л.М                 
Гаврилова Л.С                   
Кузнецова У.Б               
Жахина Р.М                     
Чожикова М.Б                     
Попова А.М                       
Рябинина М.П                   
Саденова Ж.К                 
Лунева С.А                         
Карикулова А.С               
Исмаилова М.Ж               
Карбузова А.С                 
Пятигорская О.В               
Нусипкожаева А.К           
Оразалиева Ж.К             
Ахметова Т.Ш                 
Кыпшакбаева К.С

Младший медициналық қызметкерлер:  

Риденгер Ольга Иосифовна
Османова Шахсанам Шаисмаиловна
Атагельдиева Елена Даулетбековна
Тажибаева Гульнур 
Матвеева Лидия Геннадьевна
Мамедова Ардам Шаисмаиловна
Елеманова Бахыт Керембековна
Терекпаева Алия Габитовна

Шоланова Г.М
Усембаева Ш.Ж
Джарпарова М.Т
Усманова Т
Серимбетова А
Омарова Б
Заводская М

Заправочный кабинет: 
Сеитова Гульмира Абдугалитовна
Амраева Зульфия Ахмеджановна
Усманова Фикрия Сумановна
Балтабаев Серик Аралбаевич
Джакубаева Сауле Булатхановна
Батырбек Саят Жанибекулы
Ескермесова Айжан Нурланкызы
Молдаханова Жадра Уразахункызы                
Сеитова Гульмира Абдугалитовна
Амраева Зульфия Ахмеджановна
Усманова Фикрия Сумановна
Балтабаев Серик Аралбаевич
Джакубаева Сауле Булатхановна
Батырбек Саят Жанибекулы
Ескермесова Айжан Нурланкызы
Молдаханова Жадра Уразахункызы
Ажинур Наргыз Жангелдыкызы     
Абдиева Нилуфер Нурланкызы    
Маралбаева Диана Муканбедовна               
Толекова Гулмира Ахметкалиевна     
Нурахметова Жулдыз Жанаткызы     
Молдияр Арай Данияркызы             
Наримбаева Гулжан Сапарбаевна

Бұдан кейін жедел жәрдем станциясы бригадасының фельдшерлері де әріптестерінің еңбегін бағалауға шақырып, министрдің атына тағы да хат жолдаған.

«Диспетчер фельдшерлері бригадамен өте тығыз қарым-қатынаста. Ал жөнелту кабинетіндегілер науқасқа барып келген бригадамен әркез байланыста. Олар бригада қызметкерлерінің киімін дұрыс кигізіп, шешіндіреді. Санитарлар көлікті әр шақыртудан келген сайын дезинфекциялап, тазалайды. Дәл қазір біздің бойымызда үрей бар. Себебі, Алматы қаласының жедел жәрдем бригадасындағы қызметкердің бәрі өз өмірін тәуекел етіп жүр» деген.

Бізге хабарласқан №8 жедел жәрдем станциясының шақыртуды қабылдау және оны бригадаға жеткізу диспетчері Гүлсім Лайбекованың айтуынша, алдыңғы шыққан бұйрықта диспетчерлерге де үстемақы төленеді деген. «Бірақ жаңадан шыққан бұйрықта бізді алып тастаған. Медицина саласында 22 жыл істеп келе жатырмын. 2012 жылы жедел жәрдем бригадасында фельдшер боп жүріп, жол апатына түстім. Аяғымды мертіктіріп алған соң, бригадаға жарамай қалдым да, диспетчерлікке ауыстым» дейді ол.

«Егер вирус жұқтырсаң, өзің кінәлісің»

– Сонда сіздерге үстемақы мүлдем тағайындалмаған ба? Бәлкім, сіздер науқаспен тікелей қарым-қатынас жасамағандықтан шығар...

– Бұйрық бойынша 425 мың теңгеге ілігуіміз керек еді. Жарайды, 425 мың болмаса да, 212 мыңды алатын құқымыз бар. Себебі, президенттің жарлығында «үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді. Олар айына 212 мың теңге үстемеақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда олардың қолына шамамен 380 мың теңге тиеді» делінген. Біз сол коронавирус жұқтырған науқастарды ауруханаға жеткізетін бригаданың қайда баратынын жазып, қолдарына береміз. Келген соң даладағы боксқа жуынады. Сосын қолындағы карточканы алып, толтырамыз. Бізге «Сендер бригадамен байланыста болсаңдар да, науқаспен тығыз қарым-қатынаста жоқсыңдар» дейді. Ал шын мәнінде науқасқа барған және бармаған бригадалар бар. Бір айдың ішінде коронавирус жұқтырғандарға мүлдем бармағаны да, екі-үш рет барғаны да бар. Қазір бригададағы 5 фельдшер және 3 көлік жүргізуші карантинде жатыр. Екі күн бұрын коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған бір көлік жүргізуші мен фельдшерді РВ-90-дағы ауруханаға карантинге жатқызылды.

– Сонда басшылық нақты не уәж айтады?

– «Сендер қайда жазсаңдар да, ақпарат құралдарын шақырсаңдар да, бәрібір ала алмайсыңдар! Егер айтқанға көнбейді екенсіңдер, түптеріңе жетемін!» деді. Жұмыс болған соң міндетті түрде түрлі төтенше жағдай болады. Іздеген адам кемшілік табады. «Ізіңе түсіп, түбі шығартып жіберем. Сол үшін ауыздарыңды жабыңдар!» деді қысқасы. «Бұйрық бойынша солай. Сендер оны дұрыс түсінбедіңдер. Сол үшін де шығарып жібере аламын» деді. 

Екінші мәселе – бригададағылар 425 мың теңгеден алып жатыр. Әр фельдшер, дәрігер ерікті түрде өз еркімен 25 мың теңгесін жинап, бізге ай сайын бөліп бермекші. Біріншіден, олар бізге жаны ашып отыр. Екіншіден, диспетчердің жұмысы өте көп. Біз олардың жамандығын жасырып, жақсылығын асырамыз. Біз болмасақ, бригаданың жұмысы тоқтап қалады.

Бригада дәрігерлерін киіндіру, шешіндіру, жуындыру бәрі процедура кабинетінің міндеті. Ал олардың 3-5 минуттың ішінде шығып кетуін қадағалайтын біз. Олар ұйқтап қала ма, жоқ па, бұл бізден басқа ешкімді қызықтырмайды. Таңғы 4-5-те сүйреп тұрғызып, шақыртуға жібереміз. Бригаданы жіберу біздің мойнымызда. Біз бригадамен тығыз қарым-қатынас жасайтын адамбыз. Осыны біле тұра, «бригададан 2 метр аулақ жүрмесең, өзің кінәлісің, қарым-қатынас жаса деген кім бар? Арнайы терезе бар, сонымен сөйлес. Егер вирус жұқтырсаң, онда өзің кінәлісің» деген әңгіме айтылды.

– Қазір сонда үстемақыдан қағылған қанша адам бар?

– Диспетчер бөлімінде 4 ауысымда 8 адам, процедура кабинетінде 16 адам, санитарлар 4 ауысымда екі адамнан 8 адам істейді. Мысалы, санитарлар оларды жуындырып-шайындырып, киімін зарарсыздандырып, үтіктейді. Оларға да «мүлдем ауыз ашпаңдар!» деді. №8 бригада станциясының меңгерушісі Қуат Тайтілеев өте шыншыл  адам, тура сөйлегенді жақсы көреді. Ол кісінің алдынан өттім. «Қалай ойлайсыз, бізге үстемақы төлемегені дұрыс па, бұрыс па?» деп сұрап едім: «Сендерге де беру керек еді. Мен де сендер үшін қиналып тұрмын» деді. Себебі, бұйрық беріп, жұмыс істететін осы кісі. Біздің сыртымыздан көрген адам «ақ халат киген, бәрі тамаша» деп ойлайды, ал ішіміз – түтін.

– Демек, меңгерушінің пікірі осы. Ал бас дәрігерге бір ауыз айттыңыздар ма?

– Біз бас дәрігер Азамат Ихсанұлына да хабарластық. Ол: «Жаза беріңдер, БАҚ-қа жариялаңдар, не істесеңдер соны істеңдер» деді. Айтуынша, бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігі шешеді. «Бұйрықты мен шығарған жоқпын» дейді. Содан дереу меңгерушілерді шақырып, жиналыс өткізіп, «диспетчерлеріңнің аузын жабыңдар!» депті.

Қазір медициналық қызметкерлер жатақханада тұрып жатыр. Бала-шаға – бір жақта, өздері – бір жақта. Түсте тегін тамақ келеді. Бәріне тамақты жеткізіп тарату менің міндетім. Қарым-қатынас деген сол емес пе? Неге бізді тізімнен шығарып тастайды?

Ұйғыр ауданы, Талдықорған қаласындағы таныс фелдьдшерден сұрасам, олар да алмапты. Ал Нұр-Сұлтандағы жедел жәрдем бригадасы да, диспетчерлері де алған. Сонда біз неге алмаймыз? Nur Otan партиясынан бір реттік көмек ретінде 50 мың теңге береді дегенді естідік. Ол да түскен жоқ.

Диспетчерлер телеарна журналистерін шақырған. Журналистер  «30-40 адам жиналмаса, түсірмейміз» депті. Қазір карантин кезінде 30-40 адам жиналса, 102-ні шақырып, бәрін қамап жіберуге де құқы бар. 

Гүлмира Сейітова, бригаданы жөнелту кабинетінің қызметкері:

Бригада дәрігерлеріне киім тіктік

      –  Ертең таңғы сағат 8-де «коронавирусқа тест тапсырасыңдар!» деді. Біз бригадамен қарым-қатынаста болмау үшін қорғаныш киімін беру керек. Ол да жоқ. Біз бір ұжымбыз. Онда әуелгіде «Бұл үстемақы сіздерге берілмейді. Арнайы қорғаныш киімін киіп, кабинеттен шықпай отырасыздар. Тек коронавирус жұқтырған науқасқа баратындарға ғана төленеді» деп айтуы керек еді. Бірақ бізді мәжбүрлеп жұмыс істеткізді. Тіпті, бригада дәрігерлеріне киім тіктік. Себебі, киім жетпеді. Негізі заң бойынша, науқасқа барған бригаданың бір киген киімін өртеп жіберу керек. Ал біз оны жуып, үтіктеп, қайта кигізіп жатырмыз. Италияда өлген адамды да өртеп жатыр ғой. Енді біздің жанайқайымызды тыңдайтын адам жоқ.  

Коронавирус жұқтырған науқасқа кім барады, үстемақы соған ғана төленеді

Біз бұдан соң 8 жедел жәрдем станциясы диспетчерлерінің шағымы бойынша бас дәрігер Азамат Ихсанұлы Аменовке хабарластық. Ол мән-жайды былайша түсіндірді.

А.Аменов

– Денсаулық сақтау министрінің 4 сәуірдегі №28-20-20 бұйрығы бойынша, оларға төленбейді. Ол жерде медициналық қызметкерлерге 3 санат бойынша қаржылық қолдау көрсетіледі делінген. Яғни, бірінші санатқа жұқпалы аурулар станционарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, екінші санатқа науқаспен тікелей қарым-қатынас жасайтын дәрігерлер мен фельдшерлер кіреді. Үшінші санатқа – жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жатады. 

– Ал бригаданың киімін жуып-шаятын, үтіктейтін санитар қызметкерлері ше?

– Санитарларға өзіміздің бюджет қорынан үстемақы төледік. Диспетчерлер бригада дәрігерімен тікелей қарым-қатынас жасамайды, тек телефонға жауап береді. Шақырту қабылдап, бригаданың уақытында шығып кетуіне жауапты. Олар тікелей науқасқа бармайды ғой. Сондықтан бұйрыққа қарсы шыға алмаймыз.

– Қазір сіз басқаратын станцияларда қанша дәрігер үстемақы алды?

– Бізде 8 аудандағы қосалқы станцияда 194 бригада бар. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, медициналық жедел жәрдем қызметіндегі 2 296 маман қаржылай үстемақы алды. Бұдан былай коронавирус жұқтырған науқасқа кім барады, үстемақы соған ғана төленеді. Егер медициналық қызметкердің бәріне беретін болсақ, біздің қол астымызда 3 мың 500 қызметкер бар. Оның бәріне төлеу мүмкін емес.

– Коронавирус жұқтырған науқасқа барған бригада дәрігері мен көлік жүргізушісі карантинде жатыр екен. Рас па?

– Қаладағы жаппай жұқтырып жатқан дәрігерлер жайында ештеңе айта алмаймын. Бірақ жедел жәрдем бригадасында ешкім коронавирус жұқтырған жоқ. Қауіпсіздік шарасын қатаң сақтанамыз. Егер қорғанбасақ жұғу қаупі 90 пайыз болар еді.

– Қазір жедел жәрдем толық құрамда жұмыс істеп жатыр. Ал диспетчерлерге мекеме тарапынан көмек берудің жолын қарастыруға болмай ма?

– Оларға 50 мың теңгеден бюджеттен бір реттік көмек бердік. Келесі айға төлей алмаймыз. Ал қазір 24 санитарға қосымша үстемақы төлейміз. Олар тұрақты түрде киімдерді жуады, үтіктейді. Себебі, олар осы жұмысты өз еркімен істеп жүр.   

P.S. Денсаулық сақтау министрінің екі бұйрығымен де танысып шықтық. Біріншісінде Президент нақтылап айтқандай, осы індет кезінде үш санаттағы медициналық қызметкердің бәріне үстемақы төлеу қарастырылса, ал екінші бұйрыққа аз-кем өзгеріс енген. Бәлкім, министрлік бұл бұйрықты үстемақы алуы тиіс медициналық қызметкерлердің шамадан тыс көбейіп кеткен соң шығарған болар... Қалай десек те, үстемақы мәселесі көтерілгелі бері коронавирус індетімен бетпе-бет келген медицина қызметкерлерінде маза жоқ. Кеше дәл осындай шағымды Ақтөбе қаласының жедел жәрдем қызметкерлері де түсірді. Бұл мұнымен әлі тоқтамайды. «Қуырдақтың көкесі» әлі алда. Бүгін Алматыда 116 дәрігер коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.

Тегтер: