USD
USD
USD

Астанада жас отбасылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған оқу курсы өтті

Астанада «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында жас отбасылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Бизнесті құру және жүргізу» атты оқу курсы ұйымдастырылды.

Отбасы – бақыт мекені
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Курсқа 10 жас отбасы қатысты. Алдағы уақытта осындай тағы екі курс өткізу жоспарлануда. Бұл бағдарлама – Астанада өз ісін ашуды немесе бар бизнесін дамытуды көздеген жас отбасыларға арналған. Курста жеке кәсіпкерлік, ЖШС ашу, қаржыны тиімді басқару және басқа да өзекті қаржылық мәселелер бойынша тәжірибелік білім берілді.

Отбасы – бақыт мекені
Фото: gov.kz

Оқу бағдарламасы екі бөліммен өткізілді. Спикерлер ретінде қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы-тренер Рауан Ерғалиев және қаржылық жоспарлау саласының белгілі маманы, тәжірибелік курстардың авторы, «FinIQ KZ» ЖШС директоры Лаура Байжарасова сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы оқу бағдарламасына сұраныс артып келеді. Бүгінде көптеген жас отбасы шығындар мен жинақтарды жоспарлау барысында қиындықтарға тап болады. Жоғары несие жүктемесі мен қаржылық мәдениеттің төмен деңгейі жеке әл-ауқатқа ғана емес, жалпы экономиканың тұрақтылығына да қауіп төндіреді.

Отбасы – бақыт мекені
Фото: gov.kz

Алдағы уақытта да мұндай курстар тұрақты түрде өткізілетін болады. Жақын арада бағдарламаны жаңа сарапшылар мен бизнес-практиктерді тарту есебінен кеңейту, сондай-ақ жастар мен отбасыларға арналған қосымша білім беру жобаларын іске қосу жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, курстарды жүйелі өткізу нәтижесінде қаржылық сауатты, белсенді әрі әлеуметтік тұрғыдан тұрақты жас буын қалыптасып, ол өз кезегінде қоғам мен экономиканың дамуына серпін береді. Аталған оқу бағдарламасы жас отбасылардың қаржы саласындағы білімін кеңейтіп, іскерлік қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беруде.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Өрт

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Неке сақинасы

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Ұшақ

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Стоматолог