Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жұмысшы мамандықтарына арналған «Шеберлер шайқасы» реалити-шоуы басталады

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Жұмысшы мамандықтары
Фото: facebook

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды.

«Бұл тарихи шешім – ел дамуының негізгі тетігі болып отырған қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Олар – қолымен қала тұрғызып, жол төсеп, жарық пен жылу жеткізіп, өндіріс пен тұрмыстың күретамырын ұстап тұрған нағыз майталмандар. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бейнесін қалыптастырып, ертеңін нықтайтын қаһармандар да – осы жандар.
Осыған орай жаңа маусымда «Хабар» телеарнасы ел тарихында бұрын-соңды болмаған әлеуметтік маңызы зор ірі жобаны – «Шеберлер шайқасы» атты реалити-шоуды ұсынбақ. Жоба қазан айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Оның басты кейіпкерлері – дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, аспаз, өрт сөндіруші сынды күнделікті тұрмысқа тірек болып жүрген әртүрлі жұмысшы мамандық иелері. Олардың қажырлы еңбегі – қоғам тыныштығы мен ел тұрақтылығының кепілі.
Бұл жоба – жай ғана телешоу емес. Мұнда эмоция мен тартыс, шынайы күрес пен адамдық қасиет қатар өрбиді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер өз кәсіби білігін, өмірлік тәжірибесін, төзімділігін және командалық рухын сынға салады. Қатысушылар нақты еңбек процесіне жақындатылған жағдайда: зауытта, құрылыс алаңында, шеберханада немесе өндірістік ортада тапсырмаларды орындайды.

Әрбір шығарылым – бір адамның тағдырына, өмір жолына арналған деректі оқиға. Мұнда шебердің жан толғанысы мен табандылығы, жеңілісі мен жеңісі көрініс табады.
Бұл – тек бәсеке емес, еңбектің қадірін түсінетін әрбір жанға өзін танытуға, кәсібін дәріптеуге, елдің алғысына бөленуге берілген бірегей мүмкіндік. Жеңімпаздар үшін қомақты жүлде қоры қарастырылған. Ал, көрермендер нағыз еңбектің иесі – шынайы батырлардың бейнесін тамашалап, рухани шабыт алады.

«Шеберлер шайқасы» – адал еңбек пен шынайы шеберлікті дәріптейтін жоба. Бұл бағдарлама – маңдай тердің қадірін бағалап, еңбектің ел болашағына берік іргетас екенін айқын көрсететін ұлттық деңгейдегі маңызды бастама», – деп жазды Аида Балаева. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бизнеске арналған тағы бір мемлекеттік қызмет банктерге беріледі

компанияны тіркеу

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram