USD
USD
USD

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы: «Antiparacraft-2025» Республикалық квест-ойынының қорытындысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдерін іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру.

Павлодар
Фото: gov.kz

Павлодар, NEGE. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру және «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Павлодар облысында «Antiparacraft-2025» Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынының финалы өтті.

Іс-шара еліміздің әртүрлі аймақтарынан 11команданы біріктірді. Екі күн ішінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімдерін көрсете отырып, зияткерлік және шығармашылық кезеңдерден өтті.

Соңғы тапсырмаларға визит карточкаларының тұсаукесері, «Брейн-ринг» зияткерлік ойынына қатысу және «Менің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарым» капитандар байқауы кірді.

Павлодар
Фото: gov.kz

Жобаның мақсаты-берік азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті дағдыларды дамыту. Квест қорытындысы бойынша:

1-орын және «Antiparacraft-2025» кубогын Қарағанды облысының «NoRust» командасы (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті) жеңіп алды.

2-орын Атырау облысының «Ар мен Заң» командасы (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті).

3-орын Павлодар облысының «LexAnticor» командасы (Торайғыров университеті).

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

жер сілкінісі