Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін төтенше жағдай жарияланды

24 маусым күні кешке Венесуэла астанасының батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі болды.

жер сілкінісі
Фото: lmneuquen

Астана, NEGE. АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, екінші жер сілкінісі біріншісінен кейін бір минутқа жетер-жетпес уақытта болған.

Венесуэлада қазірдің өзінде адам шығыны мен материалдық залал ауқымды болуы мүмкін деп болжанып отыр. Геологиялық қызмет қаза тапқандар саны 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін деп бағалауда.

Елдің уақытша президенті Дельси Родригес жерасты дүмпуі салдарынан 32 адам қаза тауып, 700 адам жараланғанын мәлімдеген. Алайда әзірге қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штатындағы құрбандар саны бұл есепке алынбаған.

Сондай-ақ Родригес елде төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады. Бұған қоса, жерасты сілкінісінен келген зақымдарға байланысты Каракас халықаралық әуежайы жабылған.

Родригес жер сілкінісіне байланысты жасаған мәлімдемесінде, ондаған ғимарат қирап қалғанын, мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалу үшін өте ауқымды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар