USD
USD
USD

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Алматы полициясы қалада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатқанын хабарлады. Іс-шара басталғалы бері 900-ге жуық құқықбұзушылық анықталып, 127 автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Қоғамдық көлік
Фото: Жолаушылар тасымалдаушылары кәсіпорындарының қауымдастығы

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, бұл іс-шара қала аумағында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында көлік тәртібін сақтау деңгейін арттыруға бағытталған.

Тексеру барысында полицейлер жолаушыларды тасымалдау қағидаларының сақталуына,автобустардың техникалық жай-күйіне, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтау және заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауға назар аударған.

«Ең жиі анықталған құқықбұзушылықтар – жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу және көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Алматының орталығында заңсыз тұраққа қойылған көліктерге рейд жүргізген.  Рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ 50-ге жуық құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 28 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Полиция бақылау жұмыстарының жалғасатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев