Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Ішкі істер министрлігі және Шекара қызметімен бірлесіп жанар-жағармайды ел аумағынан заңсыз шығарудың 712 жағдайының жолын кесті.

бензин контрабандасы
Фото: ҚМА

Астана, NEGE. ҚМА мәліметінше, бұл деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалған.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысында 28,5 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз өңдеген шағын мұнай өңдеу зауытының қызметі тоқтатылды. Өндірілген өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған.

Сонымен қатар агенттік Қырғыз Республикасына АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады. Заңсыз шығарылған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, оның құны 37 млрд теңгеден асқан.

Сондай-ақ «Түрксіб» станциясында шамамен 500 тонна бензин тиелген 8 теміржол цистернасы анықталған. Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне айналдырылған.

Ал Түркістан облысында мемлекеттік шекара астынан арнайы қазылған тоннель арқылы Өзбекстан Республикасына бензин контрабандасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылған. Бұл іс бойынша кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі