USD
USD
USD

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

Тараз қаласының №2 сотында Алматы облысының үш тұрғынының үстінен некеге тұруға мәжбүрлеу бабымен қозғазған қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

блогер соты
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Қадағалау органы таратқан мәліметке сәйкес, өткен жылдың қазан айында үш ер адам Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан.

Тергеу барысында жәбірленуші мен алып қашуды ұйымдастырған азамат бес жылдан астам уақыттан бері жақын қарым-қатынаста болғаны анықталған. Алайда қыз оған тұрмысқа шығудан бас тартып келген.

Қыздың бірнеше мәрте бас тартуына қарамастан, ер адам оны алып қашпақ болып, таныстарының көмегіне жүгінген. Осылайша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып әрекет еткен үш күдікті күш қолданып, күндізгі уақытта жәбірленушіні алып кеткен.

«Сот талқылауы барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының №2 сотының 2026 жылғы 4 мамырдағы үкімімен олар адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген прокуратура хабарламасында. 

Сотта үш сотталушының әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»