Жарылыстан қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі? Министрлік жауабы

Жамбыл облысында қоймадағы өрт салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Боранбаев айтып берді.
Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігі тарапынан жарылыстан жақындары қайтыс болған отбасыларға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі? Бас штабы бастығының орынбасары, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Боранбаев айтып берді.
«Мезгілсіз қаза тапқан жауынгерлердің отбасына көңіл айтамыз. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған азаматтардың отбасына және емделіп жатқан әскери қызметшілерге әлеуметтік, психологиялық көмек беріліп жатыр. Қайтыс болған қызметкерлердің баласын мектепке даярлау жұмысы жүргізілуде. Қазір ерікті қаржылай қолдау көрсету үшін қор құрылды. Қарулы күштің жеке құрамы бір күндік жалақысын аудару туралы шешім шығарды. Қорғаныс министрлігі балаларды өз қамқорлығына алды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына жерлеуге кеткен шығындар, ақшалай жәрдемақы көлемде 5 жыл бойы беріледі. Одан бөлек тұрғын үй үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Оның көлемі отбасы мүшесінің санына байланысты әр отбасы үшін жеке анықталады», – деді Боранбаев.