14 Желтоқсан 20:56
...

Жаңартылатын энергия көздеріне көшудің пайдасы қандай?

Фото:

Жаңартылатын энергия – күн, жел, су және биомасса сияқты жаңартылатын табиғи ресурстардан алынатын энергия түрі. Табиғи жолмен толықтырылатын ресурстардан алынған кез келген энергия жаңартылатын энергия деп аталады. Мысалы, күн энергиясы, жел энергиясы, су энергиясы және т.б.

Аталған энергия көзін қоршаған ортаға зиян тигізбей пайдалануға болады, өйткені оны өндіру барысында көміртегі немесе басқа да зиянды қалдықтар шықпайды.

Күн энергиясы – жаңартылатын энергияның негізгі көздерінің бірі. Күн сәулесін электр энергиясын өндіру үшін де пайдалануға болады. Жел де энергия өндіру үшін тиімді. Жаңартылатын энергияның басқа көздеріне судың күшін пайдаланатын гидроэнергетика, жердің жылуынан алынатын геотермиялық энергия және электр немесе отын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық зат жатады.

Жаңартылатын энергия бірнеше түрде келеді. Күн энергиясы, жоғарыда айтылғандай, күн панельдерін қолдану арқылы жұмыс істейді. Жел энергиясы – желді электр энергиясына айналдыратын жел турбиналары арқылы өндіріледі. Гидроэнергетика өзендердегі немесе мұхиттардағы су энергиясын пайдалану арқылы пайда болады. Геотермалдық энергия жылу немесе электр энергиясын өндіру үшін жерден жылуды пайдаланатын геотермалдық жүйелер арқылы пайдаланылады. Сонымен қатар, биомассаны жылу мен қуат алу үшін отын, биогаз түрінде пайдалануға болады.

Жаңартылатын энергия мұнай мен газ сияқты азайып бара жатқан табиғи ресурстарға тәуелділікті азайтуда маңызды рөл атқарады. Жаңартылатын энергияны пайдалану жұмыс орындарын құруға және экономиканың дамуына ықпал етеді.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы елдердің ішінде Данияны мысал ретінде қарастырайық. Мемлекеттік қолдау мен инновациялық технологиялардың арқасында Дания мұнай мен газға тәуелділігін айтарлықтай азайтып, жаңартылатын энергия көздеріне көшті. Бұл елде күн батареялары, жел турбиналары және геотермиялық жүйелер кеңінен қолданылады.

Жаңартылатын энергияның пайдасы мол: ол экологиялық таза және толық пайдаланылмаған табиғи ресурс. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия жер бетіндегі экологиялық мәселелерді  азайтып, климаттың өзгеруінің салдарын төмендетуге көмектеседі.

Жаңартылатын энергия көздерін бірінші орынға шығару арқылы біз жер бетіндегі экологиялық мәселелерді шешеміз. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту сарқылатын ресурстарды пайдаланудан бас тартуға және қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Енді ғана дамып келе жатқан сектордың  маңызы жыл сайын артып келеді. Болашақта жаңартылатын энергияны дамытуға және қолдануға инвестиция салуды жалғастыруы маңызды.

Технология қарқынды дамып, халық саны артып жатқан дәуірде жаңа энергия көздерін іздеу мен пайдаланудың маңыздылығы арта түсуде.

Жасыл технологиялар – инновация мен елдің экономикалық әлеуетінің өсуіне алып келеді, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді, сондай-ақ әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Әлем елдері жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға күш салып жатыр. Қазір әлемде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі шамамен 18%-ға жетті.

Күн энергиясы

Күн жылына шамамен 173 миллион ГВт жаңартылатын күн энергиясын бере алады. Ол жер шарындағы тіршіліктің негізгі көзі. Күн ресурсын күн бұлтты кезде де, қар жауғанда да пайдалануға болады. Ол әртүрлі өнеркәсіп пен жеке шаруашылықтардың жылу, жарық, электр қуаты,  отынға деген қажеттілігін өтеуге қабілетті.

Қазіргі уақытта әлемде күн энергиясының үлесі небәрі 3,7 пайызға тең, жаңа технологиялардың дамуының арқасында алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсетін болады.

Геотермиялық энергия

Жаңартылатын энергияның тиімді мысалы – геотермалды ресурс. Бұл технологияда жылу қажеттіліктеріне және бүкіл әлемде электр энергиясын өндіруге Жердің тереңінен шығатын жылуды пайдаланады. Бұл тәсілді адамдар шамамен жүз жыл бойы қолданып келеді. Геотермиялық энергия сарқылмайды  және оңай жаңартылады. Оны терең ұңғымаларды бұрғылау арқылы алуға болады.

Жел энергиясы

Жел – сарқылмайтын энергия, ол ең тиімді және арзан энергия көзі болып қала береді. Жел диірмендері ежелден ағаш кесу, дәнді ұнтақтау, суды көтеру үшін қолданылған. Жаңартылатын энергия көздерінің ішінде жел энергиясы қарқынды дамып келеді: тек соңғы 20 жылда қуат саны 75 есеге артып, жылына 564 ГВт-тан асты.

Гидроэнергетика

Жылу энергиясының ең ірі жаңартылатын көзі және электр энергиясын өндірудің қозғаушы күші су электр станциялары болып саналады. Өзендердің бойында су электр станцияларын орнатылады. Олар су ресурсының әрекеті арқылы жұмыс істейді. Су жоғары биіктіктен төменге ағып, электр энергиясын өндіруге көмектеседі. Су электр станцияларының жұмыс істеуі аймаққа жауын-шашынның түсуіне және оның таралуының біркелкілігіне байланысты. Күрделі климаттық жағдайларда тиімділік төмендеуі мүмкін.

Биоэнергия

Биомасса - бұл көң, ағаш, ауыл шаруашылығы қалдықтары. Оларды отын ретінде де пайдалануға болады. Биоэнергетикаға негізделген жаңартылатын энергия көзінің мысалы ретінде астық өсімдіктерінің сабандарын айтуға болады. Оны отын ретінде пайдалануға болады және оны жыл сайын өсіруге болады. Дегенмен, мұндай ресурсты толығымен экологиялық таза деп атауға болмайды. Өйткені ол жанған кезде зиянды газ бөлінеді.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану өте маңызды, өйткені олар қазірдің өзінде дәстүрлі ресурстардың сарқылу мәселесін шеше алады. Жаңартылатын энергия көздерінің арқасында энергетикалық дағдарысты болдырмауға болады. Кейбір шағын елдер жылу мен электр энергиясына деген қажеттіліктерін әртүрлі типтегі жаңартылатын энергия көздері арқылы толығымен қамтамасыз етіп отыр.

Әлем елдерң жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы шығындарын азайтты.. Сонымен қатар ауадағы зиянды газдарды және жаһандық климаттың өзгеруі қаупін азайтуға көмектеседі. Париж келісіміне сәйкес, 2030 жылға қарай көмір экономикасын толығымен жасыл экономикаға ауыстыру көзделген.

Жаңартылатын энергия көздері – алдағы миллиондаған жыл ішінде сарқылмайтын маңызды ресурс. Олар жаңартылмайтын отынға тамаша балама, экологиялық таза және әлемді экологиялық апаттардан сақтаудың жолы.

Тегтер: