USD
USD
USD

ЕО ауғанстандық мигранттарды тезірек депортациялауды талап етті

Еуроодақтың 19 елі Еурокомиссияға хат жолдап, ауған мигранттарын елдерінен шығару шараларын күшейтуді және процесті жеделдетуді талап етті.

Кедендік баж салығы
Фото: УНИАН

Алматы, NEGE. Құжатты Бельгия дайындап, оны Германия, Италия, Польша, Грекия, Ирландия және Швецияны қоса алғанда 18 мемлекет қолдады. Сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін, бірақ Шенген аймағының мүшесі саналатын Норвегия да бастамаға қосылды.

Еурокомиссия дерегінше, 2024 жылы ЕО елдерінде ауған азаматтарын еліне қайтару туралы шамамен 23 мың шешім қабылданған, бірақ іс жүзінде тек 435 адам депортацияланған.

Хат авторлары депортация мәселесі ЕО елдерінің ортақ жауапкершілігі болуға тиіс деп санайды. Олар депортацияны жеделдету үшін жаңа құқықтық және практикалық тетіктерді қарастыруды, әсіресе қоғамдық тәртіпке немесе ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мигранттарға қатысты шараларды күшейтуді ұсынды.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ