USD
USD
USD

БҰҰ қазынасы таусылудың аз-ақ алдында тұр

Мүше мемлекеттер өз жарнасын уақытылы төлемесе, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қаржылық күйреудің шегіне жетуі мүмкін.

Иран-Израиль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 2026 жылға арналған ұйымның бюджет жобасын таныстыру барысында мәлімдеді. Жоспарланған бюджет көлемі – 3,238 миллиард доллар, бұл 2025 жылғы бекітілген 3,72 миллиард доллардан 15,1%-ға аз.

Гутерриш қазіргі жағдайды «өте тұрақсыз» деп сипаттап, мемлекеттердің қарызының өсуі, жарна төлеудегі кідірістер және бұрын алынған несиелерді өтеу қажеттілігі ұйымның негізгі қызметіне қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Жаңартылған бюджет шеңберінде қызметкерлер санын қысқарту көзделіп отыр: 13 809 штаттан 11 594-ке дейін, яғни 2025 жылмен салыстырғанда шамамен 19% азаяды. Ең ірі қысқартулар әкімшілік бөлімдер мен негізгі департаменттерге тиесілі болмақ.

Сонымен қатар басымдық мүше мемлекеттерге тікелей көмек көрсететін бағдарламаларға беріледі. Әсіресе бұл шаралар ең аз дамыған және дамушы елдерді, теңізге тікелей шыға алмайтын мемлекеттерді, шағын аралдық елдерді және Африканы дамыту бастамаларын қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.