USD
USD
USD

Башқұрттың «Ay Yola» тобы Маңғыстауда тизер түсірді

Топтың жаңа туындысы «Қайт, жаным» деп аталады.

Маңғыстау өңірі
Фото: instagram / ayyola.music

Алматы, NEGE. Башқұрттың этно-поп бағытындағы әйгілі «Ay Yola» тобы Маңғыстау облысында жаңа бейнебаянының тизерін түсірді, деп хабарлайды lada.kz.

Топтың жаңа туындысы «Kil Kotom» («Қайт, жаным») деп аталады. Бейнежазба Маңғыстаудың көрікті табиғи ландшафттарында түсірілген және Shorts форматында жарияланған. Ол алдағы музыкалық релизге арналған промо-кампанияның бір бөлігі.

Музыканттар өз жұмыстарында көне башқұрт аңыздары мен рухани дәстүрлерінен шабыт алғандарын атап өтті. Әнде ғұрыптық сарындар мен рухқа үндеу мотивтері көрініс тапқан.

Туындының атауы мен қайырмасындағы «Ҡайт, ҡотом, ҡотом кил дә» деген жол «Қайт, жаным, жаным » деген мағынаны білдіреді. Ол адамның рухани бастауына оралуын және ата-баба қуатына қайта қосылуын бейнелейді.

«Ay Yola» тобының «Kil Kotom» трегі барлық музыкалық платформада қолжетімді. Клиптің толық нұсқасы жақын уақытта YouTube және басқа да әлеуметтік желілерде жарық көреді. Музыканттар жаңа альбомдарында заманауи дыбыс пен этникалық мұраның үйлесімін сақтауға ниетті.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова