26 Тамыз 23:14
...
Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті

Жамбыл облысында әскери бөлімде болған өрт пен жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жетті, деп хабарлайды nege.kz сайты облыс әкімдігі таратқан мәліметке сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. Зардап шеккендердің 11-і әскери қызметшілер.
Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, артынан жарылыс болды.