27 Шілде 13:30
...

Банктер НЕГЕ ауруын жасырып отыр?

Фото:

Банктердің бірінші жарты жылдықтың қортындысын шығарған есептеріне қарап, коронавирустен бәлендей зардап шекті деп айта алмайсыз. Оны «кейінге қалдырылған әсер» дейді.

Ал мемлекеттің азаматтарға қолдау білдіріп несие төлеуді кейінге шегергені, пруденциалдық нормативтерді есептеудегі өзгерістер банктерге жылдың екінші жартысында ауыр соққы бермек, деп жазады RiskTakers.

Екінші тоқсаннан бастап пандемияның жағымсыз әсерін байқай бастауға болады. Банктердің активтері 0,27% -ға немесе 78 млрд теңгеге қысқарған. 27 банктің ішінде 16 банктің көрсеткіштері төмендеді. Банктердің несие портфелі 1,76 пайызға азайып кеткен.

Бұл жағдайда банктердің қаржылық тұрақтылығына азаматтардың өз несиесін уақытылы қайтаруы үлкен әсер етеді. Көрсеткіш NPL деген қысқа атауға ие және банктің жағдайын саралағанда жиі қолданылып жүр. Азаматтар төлеуді кешіктіріп жатқан, былайша айтқанда мерзімі өтіп кеткен несиелер екінші тоқсанда 13,03 пайыздан 15,88 пайызға күрт көтерілген. Бұл өте қауыпті сигнал. Қайтпаған қарыздың ең үлкен үлесі АТФБанкте тіркелген. Ал енді оған, мемлекет басшысы жариялаған кредиттік каникулды қосатын болсақ, алдағы қыркүйекте банктердің статистикасы көңіл көншіте қоймайтыны анық.

Қайтарылмаған қарыздардың өсуі бойынша Tengri Bank алда келеді. Оның портфелінің 35,5% -ы қайтарылмайтын несие.

«Біз жыл соңына дейін қызыл (қауыпті) аймаққа бес банк енеді деп ойлаймыз», - деп жазады, RiskTakers сарапшылары. Ол болжамның қаншалықты шындыққа жанасатынын үшінші тоқсанның қортындысы шыққаннан кейін ғана анықтауға болады.

Тегтер: