17 Қаңтар 17:32
...

Алматы облысында мұғалімді бұрынғы күйеуі соққыға жықты

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Фото: ғаламтордан

Алматы облысы, Қарасай ауданында мұғалімге бұрынғы күйеуі шабуыл жасап, жұдырықтаған. Жәбірленуші бір жыл бұрын күйеуімен заңды түрде ажырасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, экс-әріптесінің бұрынғы күйеуі үйдің қақпасын сындырып, есікті күшпен ашып кірген. Ол инсульт алған науқас әкесін төрт сағат бойы байлап, қорлап, кейін үйге келген бұрынғы жұбайы мен онымен бірге еріп келген танысына шабуыл жасаған.

– Әйелдің іші мен кеудесіне бірнеше жарақат салынған, әкесі қатты соққыға жығылған, ал үйде болған үшінші адам бас сүйек-ми жарақатын алды. Бұл – оның алғашқы шабуылы емес. Бұған дейін де ол үйге ұрланып кіріп, дүниелерін қиратып, көлікке зақым келтірген, бұрынғы әйелін қорқыту мақсатында түрлі әрекеттерге барған. Жәбірленуші бірнеше мәрте полицияға арыз түсіріп, қорғауды сұрағанымен, еш нәтиже болмаған, – деп жазды Ирина Смирнова.

Осы жағдайға қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіге қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.

– 17 қаңтар түнгі сағат 00:25-те Қарасай ауданының полициясына Шамалған ауылының 67 жастағы тұрғыны бұрынғы күйеу баласы туындаған жанжал кезінде оған және оның қызына дене жарақатын салғаны туралы арыз түсірді. Бұл факт аудандық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлады полициядан.

Ведомстводан атап өткендей, қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Олардың нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай жария етуге жатпайды.