Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерациясының президентерімен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға үлес қосқаны үшін федерациялардың басшыларына ризашылығын білдірді.

Президент елімізде спорттың осы түрі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінде 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айналысады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған спорт түрін ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыруға назар аударды.

Мұхаммед Юсуф әл-Мана қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қалыптасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды.

Ал Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари еліміздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Кездесу соңында Президент ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық