AQR Дубайдағы EXPO-ға қатысудан да қымбат болып шықты
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің активтерін бағалауға 9,2 миллиард теңге жұмсаған. Бұл туралы Risk Takers жазады. Ол қаржы консультант компания мен аудиторлық фирмалардың еншісінде кеткен.
14 ірі банкті мұқият тексеріп шығу үшін Ұлттық банк халықаралық консультант жалдаған еді. Таңдау Oliver Wyman компаниясына түсті. Oliver Wyman кеңес беру қызметі үшін 3,7 миллиард теңге алды. Қалған қаржы негізінен үлкен төрттікке (Big4) кіретін аудиторлық компанияларға жұмсалды. Олар банктерді тексеріп, нәтижесінде өздеріне 5,5 миллиард теңге кіріс түсірді.
1. PWC. AQR-ден 1 387 900 000 теңге тапты
Төрт банкті PricewaterhouseCoopers аудиторлары тексерді. Оның ішінде Kaspi Bank, ForteBank, АТФБанк пен Нұрбанк бар.
Фото:bits.media
2. Эрнст энд Янг. AQR-ден 1 298 000 000 теңге тапты
ЦентрКредит, Еуразиялық банк пен Альфа-банкті Эрнст энд Янг аудиторлары тексерді.
Фото: home.kpmg
3. Deloitte. AQR-ден 1 280 300 000 теңге тапты
Делойтқа Сбербанк, Jýsanbank, Altyn Bank пен ВТБны тексеру бұйырды.
Фото: kapital.kz
4. KPMG. AQR-ден 1 072 000 000 теңге тапты
KPMG аудиторларына жалғыз банк бұйырды. Бірақ оның өзі үшеуіне татиды. Ол - Халық банкі.
Фото: home.kpmg
Одан бөлек, Grant Thornton 436 миллион теңгеге RBK банкті тексерсе, BDO небары 56 миллион теңгеге Хоум Кредитті саралап шыққан. Бұл - Ұлттық банктің тұңғыш рет кешенді түрде жүргізіп отырған тексеру шарасы екенін бұдан бұрын да жазғанбыз.
Тақырыпқа орай: Сонда бәрі дұрыс па? AQR есебі шықты
Естеріңізде болса, Ұлттық банк AQR-ді 2019 жылы бастап, бірінші кезең қортындысын жаңа жылға бір күн қалғанда шығарған. Онда қаржылық реттеуші капитал тапшылығы байқалмайды және К1 және k2 нормативтері артығымен орындалды деген шешімге келген. Тексерістің толық қортындысы 15 ақпанда жарыққа шықпақ. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында тілшілермен тілдескен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов хабарлады. Қазір қаржы нарығының сарапшылары осы есептің толық жариялануын күтіп отыр.